2023 жылғы 10 наурыз күні "Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы"мектеп -интернат- колледж"кешені" КММ кітапханасында "Оқуға құштар колледж" жобасы аясында "Тәлімгер не оқиды?" тақырыбында акция өткізілді.

Мақсаты: Жасөспірімдердің дүниетанымын кеңейту және кітап оқуға шақыру.

Кітап оқу – бұл тек бос уақытты қызық өткізу ғана емес. Сонымен бірге тұлға болып қалыптасуға орасан зор көмегі тиетін өте пайдалы іс. Осы орайда мектеп-интернат-колледж тәлімгері Маханова Бахит кітаптың шығу тарихына тоқтала отырып, кітап оқу ойлау қабілетін жетілдіретінін, сөздік қорды ұлғайтып және сөйлеу мәдениетін дамытатынын, ми белсенділігін жақсартатынын айтып түсіндірді. Сонымен қатар, өзінің оқыған қызықты кітаптары жайлы әңгімеледі. Жастар тәлімгер оқыған кітаптарды қызыға тыңдап, сол кітаптарды алып оқуға ниет білдірді.