2022 жылдың 6 қазан күні мектепте Мұғалімдер күні мерекесіне  орай ұйымдастырылған өзін-өзі басқару күніне  жоғары буын оқушылары және колледж студенттері белсене  қатысты. Колледждің екінші курс студенті Батиев Әлихан, мектеп директоры болған. Қалған оқушылар белгілі бір сыныптарға бекітілді. Оқушылар бастауыш сынып оқушыларына сабақ беріп, үлкен үзілісте барлық балаларды асханаға ертіп апарып, дене шынықтыру сабақтарында әртүрлі тапсырмаларды орындауға көмектесті.

Өзін-өзі басқару оқушылардың өзіне-өзі сенімділігін, жауапкершілік сезімдерін арттырады, мамандықтың ауырлығын сезінуге және тәлімгерлеріне мұқият болуға мүмкіндік берді.