2024 жылдың 23 мамыр күні «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында колледж студенттерінің қатысуымен «Бізді кітап табыстырды» атты фотоконкурс ұйымдастырылды.
Фотоконкурстың мақсаты: студенттеріміздің кітапханада түсірілген тартымды фотосуреттері арқылы басқа білімгерлердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, ақын-жазушылар шығармаларын кеңінен насихаттау.
Ұйымдастырылған іс-шара барысында студенттер кітаптың арқасында жаңа достар тауып, өздерінің оқыған кітаптары туралы әңгімеледі. Студенттерімізді әдеби кітаптармен қатар, ҚР заңнамалық кітаптарымен таныстыра отырып, сыбайлас жемқорлыққа байланысты мәліметтерімен ақпараттандырдық.