Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру негізінде жасөспірімдердің танымдық қызығушылықтары мен жеке шығармашылығын дамыту мақсатында 2024 жылдың 20 мамыр күні арнайы мектеп - интернат - колледж кітапханасы “Оқуға құштар колледж” жобасын іске асыру аясында "Оқу зиянды емес, оқымау зиянды" атты флешмобын өткізді. Флешмобты ұйымдастырған хореограф Умбетова М.Х және кітапханашы Бултекова Л.С. Шара барысында колледж студенттері кітап оқудың пайдасы зор екендігін флешмоб арқылы жеткізді. Кітап - адамзат қоғамының ұлы жетістігі, ұлы ұстазы. Ендеше, жетістікке қол жеткізу үшін бәріміз бірге кітап оқиық!