Қаңтар айының 19 күні “Оқуға құштар колледж” жобасының аясында “Менің қалам, сенің атауыңда тұрған не бар?” кітапхана викторинасы өткізілді. Мақсаты: Туған жер туралы жазылған көркем әдеби шығармаларды дәріптей отырып, қаламызға, аудан, ауылымызға деген сүйіспеншілікті арттыру арқылы, қаламыздың тарихи мәдени мұрасын насихаттап, қайта жаңғырту. Викторина барысында студенттерге қала тарихы және туған жерлері жайлы түрлі сұрақтар қойылды. Викторинаны жас маман дефектолог Мамбеткулова Толғанай мен жас мұғалім Мұратов Қуаныш жүргізді. Сурдоаударманы жасаған Маханова Бақыт. Шара соңында викторинаға қатысушылар белсене атсалысып, білгендерін ортаға салуға барынша тырысты.