Кітапхана – дүниеде ештеңеге теңестірілмейтін білім бұлағының көзі. «Кітап - білім бұлағы»демекші, осынау білімнің тұнық та мөлдір бұлағынан шәкірттерді сусындатып, олардың рухани дүниесін молайтып, тағлымы мол тәрбие ошағына айналып отырған кітапхананың мектепте алар орны зор.
Осы орайда Ақтөбе облыстық арнайы мектеп- интернат - колледж кітапханашысы Л.Бултекова және интернат тәрбиешісі Л.Тәжбенованың ұйымдастыруымен «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Менің кітапханам – менің рухани мекенім» тақырыбында мазмұндама байқауы өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларға кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, кітап оқуға баулу, кітапты насихаттау.