25 қазан Республика күніне орай «Менің елім – Қазақстан»  атты виртуалды кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты:  Қазақстанның егемендік алғаннан кейінгі қалыптасу тарихымен таныстыру, болашақта Қазақстанның дамуына өзіндік үлес қосатын тұлғалар екендігін ұғындыру, елін сүюге, құрметтеуге, Отанын қастерлеуге тәрбиелеу. 

Виртуалды кітап көрмесінде мемлекет және құқық тарихы, Қазақстанның мемлекет ретінде қалыптасуы туралы әдебиеттер, өткен тарихымыздың жарқын жақтарын көрсететін мемлекеттің құрылу кезеңдеріне сәйкес газет- журналдар мен кітаптар ұсынылды.