2023 жылдың 11 қыркүйек күні Ақтөбе облыстық арнайы мектеп-
интернат-колледж кітапханасында "Оқуға құштар колледж" жобасы аясында
«Өзім оқып шықтым, саған оқуға кеңес берем» тақырыбында студенттер
арасында библио-кросс болып өтті. Библио -кросстың мақсаты – жастарды
жаңа әдебиеттерге, бұрыннан ұнаған немесе ұмытылған кітаптарға деген
қызығушылығын ояту.
Шара барысында колледж студенттерінің назарына кітапхана қорындағы
көркем әдебиеттер, поэзия, проза жанрындағы ақын-жазушылар
шығармалары ұсынылды. Колледж студенттері ақиық ақын М.Мақатаевтың
поэзиясынан «Жырлайды жүрек» жыр жинағынан «Өмір жайлы» өлең
жолдарын оқып, ақын шығармашылығын өзге оқырмандарға оқуға шақырды.
Мектеп-интернат -колледж кітапханашысы Бултекова Лаззат көрнекті
жазушы, Кеңес Одағының батыры Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесіндегі
өмірбаяндық жайттар, патриотизм, ерлік, достық еңбекқор ауыл адамдары
туралы әңгімелерден жақсы әсер алғанын айта келіп, студенттерді осы
шығарманы оқуға шақырды.Сонымен қатар М.Әуезовтың "Қорғансыздың
күні", Ж.Аймауытовтың "Ақбілек",Ш.Айтматовтың "Жабайы алма",
С.Мұратбековтың "Жусан иісі" сияқты көркем әдеби шығармаларды оқуға да
кеңес берді.
View the embedded image gallery online at:
https://sch.edu.kz/kz/kitapkhana/548-studentter-arasynda-biblio-kross.html#sigFreeId3604efa720
https://sch.edu.kz/kz/kitapkhana/548-studentter-arasynda-biblio-kross.html#sigFreeId3604efa720