Мүмкіндігі шектеулі балалар - ерекше қамқорлық пен мейірбандылыққа зәру жандар.  Өзге балалар сияқты олар да маңызы зор ақпараттық ресурстарды алуға тең құқылы.

Осы орайда бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға, оқуға деген құштарлықтарын оятуға ықпал ету мақсатында мектеп кітапханашысы Л.С.Бултекова жоспарға сәйкес ерекше балалардың үйлерінде болды. Балалардың үйлеріне барып сабақтарын қарап, бақылап әдебиетке, анықтамалықтарға тапсырыстар алды. Балалар апарылған кітаптардан шағын әңгіме, өлеңдер оқып, мерзімді басылымдармен танысты. Үйден оқытылатын балалардың ата-аналарына да ағартушылық жұмыс жүргізіп, қажетті ақпаратқа қол жеткізуге жәрдемдесіп оқуға кітаптар ұсынылды.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың кітап оқуы  бос уақыттарын тиімді өткізуге, жақсы қасиеттерді бойына сіңіруге, сонымен қатар балалардың ойлау мен сөйлеу қабілеттерін дамытуға, қозғалу мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді. Мектеп кітапханасы күнделікті оқырмандарға қызмет көрсете отырып, көпшілік шаралар, соның ішінде түрлі тақырыптағы кездесулер, акциялар, оқулар ұйымдастыра отырып, үйде отырған балалармен жұмыстануды да назардан тыс қалдырмады. Бұл бағытта жұмыстар жыл бойы жүргізілді.