"Оқуға құштар адам-табысты адам" атты кітапханалық квилт
2023 жылғы 19 мамыр күні "Ақтөбе облыстық арнайы"мектеп -интернат- колледж"кешені" КММ кітапханасында "Оқуға құштар колледж" жобасы аясында кітапхана меңгерушісі Л.С.Бултекова колледж студенттеріне "Оқуға құштар адам-табысты адам" атты кітапханалық квилт ұйымдастырды. Мақсаты: Әрбір оқырманның өмірінде кітаптың алар орны ерекше екенін түсіндіру, кітап оқуға және табысты болуға шақыру.
Іс-шараға қатысқан студенттер кітапхана квилті тәсілін пайдалана отырып, кітапқа деген қызығушылықтарын, тілектерін, ой-пікірлерін, арнайы жасалған стендке түрлі-түсті қағаздарды жапсыру арқылы білдірді.
Студенттер өз оқыған мотивациялық кітаптарын алға тартып, көп оқудың пайдасы туралы сөз қозғады.
Өмірде кітап оқудың адамға берері көп. Шындап келгенде, әр кітап бір-бір тәжірибелі ұстазға, адамның ақыл қалтасына ұқсайды. Негізі, кітап оқу өмірде қателікке бой алдырмау үшін басқалардың тәжірибесімен танысу дегенді де білдіреді. Адамға таптырмайтын бірден-бір пайдалы дос – кітап. Ендеше, жан азығымызды тек кітаптан іздейік!
https://sch.edu.kz/kz/kitapkhana/514-o-u-a-shtar-adam-tabysty-adam-atty-kitapkhanaly-kvilt.html#sigFreeId77171ac1e3