«Терроризм және діни экстремизм» кітап көрмесі
Қазіргі таңда әлемдегі ең өзекті мәселенің бірі – діни экстремизм мен терроризм қаупі екендігі көпшілікке аян. Осы орайда "Ақтөбе облыстық арнайы "мектеп -интернат- колледж"кешені" КММ кітапханасында діни алауыздықты тудыруға бағытталған экстремистік әрекеттерді болдырмауға және терроризмнің таралуын алдын-алу мақсатында «Терроризм және діни экстремизм» атты бұрыш жасақталып, кітап көрмесі ұйымдастырылды.
📚Кітап көрмесіне діни экстремизм мен терроризмнің өрістеу проблемалары және еліміздегі діни терроризмге түсіндірме беретін кітапхана қорындағы кітаптармен қатар, олармен қалай күресу керектігі туралы мәлімет берілген мерзімдік баспа материалдары да ұсынылды.
✔️Қазіргі проблемалардың бірі болып отырған терроризм, экстремизм құбылыстарын талқылап, бұл келеңсіз оқиғалардың алдын алу шаралары мен жастарға үгіт-насихат жұмыстарын қолға алу мәселелері кеңінен сөз болды.
✔️Кітап көрмесін тамашалау барысында оқушылармен студенттер аталмыш тақырып төңірегінде ашық-жарқын пікір алмасып, өзара ой бөлісті. Кітапхана оқырмандарды тек кітап оқуға шақырып қана қоймай, олардың ой-өрісінің дамуына, қоғамдық пікірі қалыптасуына да қызмет жасайды.
✔️Терроризм, лаңкестік туралы шынайы ақпараттар беретін зор мәнге ие мұндай тәрбиелік шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.
https://sch.edu.kz/kz/kitapkhana/512-terrorizm-zh-ne-dini-ekstremizm-kitap-k-rmesi.html#sigFreeIdb5cdf8ffd4