Колледждің жыл оқырманы
2023 жылдың 11 мамыр күні "Ақтөбе облыстық арнайы" мектеп -интернат- колледж" кешені" КММ кітапханасында "Оқуға құштар колледж" жобасы аясында кітапхана меңгерушісі Л.С.Бултекова, колледж мұғалімі Б.М.Дүйсеналина және тәлімгер Б.А. Маханованың ұйымдастыруымен " Колледждің жыл оқырманы" атты іс шарасы өткізілді.
Мақсаты:
📗 Рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, білімді өскелең ұрпақты кітап оқуға қалыптастыру,
📙ең үздік оқырмандарды насихаттау.
📘Кітапты сүйе білуге, кітапты қадірлеуге баулу.
Шара барысында кім кітапханамен үнемі жақсы қарым-қатынас жасап, кім кітапты көп оқығанын, кітап оқу арқылы кімнің білімі мен білігі артық екенін анықтау үшін сұрақтар қойылып дұрыс жауаптар алынды. Сонымен қатар, студенттер оқыған кітаптарының мазмұнын айтып, кітаптан үзінділер оқылып, ол кітаптың аты мен авторын тауып айту тапсырмалары орындалды.
Ерекше белсенділік танытқан студенттер Хасанов Радмир, Алтай Тоқтар, Батиев Алихан.
https://sch.edu.kz/kz/kitapkhana/510-kolledzhdi-zhyl-o-yrmany.html#sigFreeIdcfcb2b769b