2023 жылғы 12 сәуір күні "Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы "мектеп -интернат- колледж" кешені" КММ кітапханасында "Оқуға құштар колледж" жобасы аясында кітапхана меңгерушісі Л.С.Бултекова мен колледж мұғалімі С.Е .Жуманбетованың ұйымдастыруымен "Ақындар жырлаған туған өлке" әдеби қонақжайы өткізілді.
Мақсаты:
Қазақстандағы және өлкедегі әдебиеттің танымал тұлғалары мен жас ақын-жазушылар шығармашылығын оқырмандарға таныту;
Өз еліне деген сүйіспеншілігін арттыру;
Өз Отанын сүйіп, халқымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүрін сақтап әрі қарай жалғастыруға тәрбиелеу.
Туған жер - ата-бабамыз мекен еткен, кіндік қанымыз тамған жер. Әрбір адам үшін туған жері әрқашан да қымбат. Туған жерін, Отанын жырға қоспаған ақын ақын ба?! Шүкір, қазақта туған жерін жырлаған ақындар жетерлік.
Аталған шара барысында студент жастарымыз өлкемізден шыққан ақын-жазушылар С.Жиенбаев,Б.Тәжібаев, Е.Дүйсенбай, С.Баймолдин, Е.Ашықбаев, Н.Қалауов т.б. ақындардың өмірбаянымен танысып, шығармашылықтарына тоқталды. Әдеби қонақжайда студент жастарымыз шығармашылықпен жұмыс жасап, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өнеге етіп қалдырған даналық сөздерін оқып, мағынасын түсіне білуге тырысты. Осы арқылы жас оқырмандар туған еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктері артып зор әсер алды.
https://sch.edu.kz/kz/kitapkhana/499-a-yndar-zhyrla-an-tu-an-lke-debi-ona-zhajy.html#sigFreeIde93b0c769f