2023 жылғы 16 наурыз күні "Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы"мектеп -интернат- колледж"кешені" КММ кітапханасында "Оқуға құштар колледж" жобасы аясында кітапхана меңгерушісі Л.С.Бултекова мен колледж мұғалімі Д.К.Камбарованың ұйымдастыруымен "Ақылдылар мен алғырлар" тақырыбында әдеби ойын өткізілді.
Мақсаты:
Жасөспірімдердің түрлі тапсырмалар арқылы есте сақтауын, зейінін, қабылдауын, еңбек ету қабілеттерін дамыту.
Шұғыл шешім қабылдай білуге, іскерлік қабілетке, жинақылыққа,өз ойын еркін жеткізіп,қорытынды жасай білуге тәрбиелеу.
Әдеби ойын барысында студенттер әдебиет пәнінен алған білімдерін сарапқа салды. Ойынға қатысушылар әдеби ойында берілген сөздерден сөз тіркесін жасап, балама мағынасын тауып, сөзге орыс және ағылшын тілдерінде аударма жасады. Сонымен қатар ақын- жазушылардың шығармаларынан үзінділер оқылып, қосымша сұрақтар қойылды. Берілген тапсырмаларды орындауда пәнге деген қызығушылықтарын көрсетіп, белсенділік танытты.
https://sch.edu.kz/kz/kitapkhana/480-a-yldylar-men-al-yrlar-debi-ojyny.html#sigFreeIde09697d8db