2023 жылғы 21 ақпан күні "Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы"мектеп -интернат- колледж"кешені" КММ кітапханасында "Оқуға құштар колледж" жобасы аясында кітапхана меңгерушісі Л.С.Бултековамен колледж мұғалімі Г.С.Исмагилованың ұйымдастыруымен «Қалам сынағы» поэтикалық центон өткізілді.

Мақсаты: жасөспірімдердің шығармашылық ойлауы мен сөйлеуін, мәдени дүниетанымын дамыту.

Іс – шараға 101 -Ш,102-П тобының студенттері қатысты. Іс шара барысында студенттер поэтикалық центонның негізгі ережелерімен танысты.
А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, І.Жансүгіров, С.Сейфуллин, М.Мақатаев. Ф.Оңғарсынова шығармаларындағы өлең жолдарынан центон құрастырып оқыды. Поэтикалық центон студенттер арасында үлкен қызығушылық тудырып, Ерсеріков Ерасыл, Жылқыбаев Ұлан, Мұстафин Қайыржан сынды студенттер ерекше белсенділік танытты.

Іс – шара өз дәрежесінде қызықты да көңілді өтті.