2023 жылғы 17 ақпан күні "Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы "мектеп -интернат- колледж" кешені" КММ студенттері арасында "Оқуға құштар колледж" тұжырымдамасы аясында мектеп-интернат-колледж кітапханасының ұйымдастыруымен студенттер арасында «Оқуға құштар колледж» тақырыбында кітап челленджі өткізілді.

Челлендждің мақсаты: жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру, жалпы колледжде кітап оқу дағдысын жандандыру. "Оқуға құштар колледж" жобасы аясында 102 -П, 101 -Ш топтары арасында "Кітап оқу" челленджі өтуде. Топ студенттері бір-бірімен әдеби кітаптармен алмасып, оқып, біріге талдап, өзара пікірлерімен бөлісуде. Осы уақытқа дейін студенттер түрлі кітаптарды оқып шықты. Оның ішінде әр түрлі жанрда жазылған кітаптар да бар. Мысалы Әзілхан Нұршайықовтың "Махаббат, қызық мол жылдар", Шерхан Мұртазаның "Ай мен Айша", Мұхтар Мағауиннің "Бір атаның балалары", Наполеон Хиллдің "Ойлан және байы" ,Отбасы хрестоматиясының "Мың сұрақ", т.б кітаптары оқылды. Қазір студенттер Б.Соқпақбаевтың "Менің атым – Қожа", М.Әуезовтың "Қорғансыздың күні", З.Ахметованың "Светлые дни", Әбу-Насыр әл-Фараби "Таңдамалы трактаттары" кітаптарын оқу үстінде. Мектеп-колледж кітапханашысы Л.С.Бултекова жас оқырмандардың кітап оқуға қызығушылықтарын арттыру мақсатында кітапханаға түскен жаңа әдебиеттермен таныстырып, кітапханалық сабақтар, шолулар, әңгімелер өткізіп тұрады.

Кітап – өмір ұстазы. Сондықтан жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес.