2023 жылғы 23 ақпан күні "Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы "мектеп -интернат- колледж" кешені" КММ кітапханасында "Оқуға құштар колледж" жобасы аясында кітапхана меңгерушісі Л.С.Бултекованың ұйымдастыруымен "Кітаптан жұлдыз жауған" тақырыбында виртуалды кітап көрмесі өткізілді. Оның басты мақсаты: Жасөспірімдердің дүниетанымын кеңейту және кітап оқуға шақыру, кітапханамыздың кітап қорына келіп түскен жаңа кітаптарды таныстыру, еліміздегі жаңалықтардан хабардар ету. Көрмеде ақын-жазушылардың озық көркем шығармалары насихатталды. Студенттер назарына тарихи ескерткіштер жайлы мағлұматтар беретін кітаптар ұсынылып, анықтамалықтар мен энциклопедиялар да қойылды.
Жас оқырмандар виртуалды кітап көрмесін тамашалап, кітапханадан сол кітаптарды алып оқуға ұсыныс білдірді.