«Оқуға құштар топ» байқауы

"Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы "мектеп -интернат- колледж"кешені" КММ студенттері арасында "Оқуға құштар колледж" тұжырымдамасы аясында мектеп-интернат-колледж кітапханасының ұйымдастыруымен «Оқуға құштар топ» тақырыбында конкурс өткізілді.

Мақсаты: Оқу мәдениетін дамыту жане көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру. Жастардың жан-дүниесінде рухани ізгілікті қалыптастыру. Конкурсқа 102П,101Ш топтарының студенттері қатысты. Конкурсқа қатысушы топтар өздері оқыған кітаптарының мазмұны, тілі, көркемдік ерекшеліктері, идеясы, ұрпақ тәрбиесіндегі ролі, кейіпкерлері, танымдық - тағылымдық маңызы, қазіргі қоғам өмірімен біте қайнасып жатқан тұстары төңірегінде ойларын ортаға салды. Ой пікірлерлерін толық білдірген топ оқырмандарына сыйлыққа кітаптар берілді.
Шара барысында топ мұғалімі С.Е.Жуманбетова мен кітапханашы Л.С.Бултекова кітап туралы және оның маңызы мен мазмұны жөнінде ақпараттармен бөлісті. Аталмыш шара өз дәрежесінде өтті. Баршаңызды рухани қазына көзі – кітап оқуға шақырамыз!