«Кітап сыйла!» акциясы
"Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы"мектеп -интернат- колледж"кешені" КММ студенттері арасында "Оқуға құштар колледжі" тұжырымдамасын қолдау барысында 14 ақпан Халықаралық кітап сыйлау күніне орай «Кітап сыйла» акциясы өткізіліп, колледж студенттері мен мектеп оқушыларына бірнеше кітаптар сыйға тартылды. Ал кітапханамызға мектеп мұғалімдері өздерінің жеке кітапханасынан отызға жуық түрлі тақырыптағы туындыларды сыйлады. Мақсат – кітап оқуды насихаттай отырып, жастарды әдебиетке баулу.
Кітап – алтын қазына, білім бұлағы, жан азығы. Кітап қадірін түсінетіндер оны ерекше қастерлейді. Ия, заман талабына сай оның мазмұны мен форматы өзгеруі мүмкін. Бірақ адам өмірінде алар орны өзгермейді. Тек кітап оқуға деген ынта өшпесе болғаны.
Достар, бір-бірімізге кітап сыйлап, жақындарымызды қуантайық!
https://sch.edu.kz/kz/kitapkhana/467-kitap-syjla-aktsiyasy.html#sigFreeId1545d9e02a