«2022 жылы өзім оқыған ең қызықты кітап»
Бук-слэм – бұл таңдалған кітапты насихаттау мақсатында жарнама жасау. Қатысушылар белгілі бір уақыт аралығында музыкалық театрландыру элементтерін немесе басқа да тәсілдерді қолдана отырып,иөз көңіл-күй мен сезімдерін көрермендерге жеткізе білулері керек. Кітапқа деген құлшынысты арттыратын заманауи әдіспен "Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы"мектеп -интернат- колледж"кешені" КММ студенттері арасында "Оқуға құштар колледж" тұжырымдамасы аясында «2022 жылы өзім оқыған ең қызықты кітап» тақырыбында Бук-слэм өткізілді.
Мақсаты: Әрбір тұлғаның кітап оқу арқылы кітапқа деген сүйіспеншілігін ояту. Жастардың кітапқа деген ерекше көзқарасын қалыптастыру. Оқыған кітаптың қызықты, мағыналы түйінін анықтау. Колледждің белсенді, үздік оқырмандарын анықтау.
Бук-слэм яғни,өзіндік кітап жарысында жас оқырмандар оқыған кітаптарын екі-үш минутта жарнамалап таныстырды. Ұйымдастырушылар қатысушыларды бағалап, үздіктерді анықтады.
Қазақстанның әрбір азаматы білімді, мәдениетті, өнерлі болуы керек. Ол үшін терең білім қажет. Ғылым жаңалықтарын, өткен тарихымызды,төнерімізді білу үшін кітапты көп оқудың маңызы зор.
https://sch.edu.kz/kz/kitapkhana/464-2022-zhyly-zim-o-y-an-e-yzy-ty-kitap.html#sigFreeId1faee9ca54