«Менің үйімдегі кітап» байқауы
2023 жылдың 16 қаңтарында "Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы"мектеп -интернат- колледж"кешені" КММ студенттері арасында "Оқуға құштар колледж" тұжырымдамасы аясында «Менің үйімдегі кітап» байқауы өткізілді.
Мақсаты: отбасының рухани өмірінің маңызды факторы ретінде әдебиетті және кітап оқуды насихаттау.
Кітап - рухани қазына. Сол қазынамызды арқылы білімді, білікті, сабырлы болуға үйренеміз. Кітап біздің рухани дамуымызға әсер етеді. Жақсы кітап жан дүниемізді нұрландырып, жүрегімізді айнадай жарқыратады. Осы орайда колледж студенттері сүйікті шығармалары туралы айтып, оқыған кітаптары туралы өз әсерлерімен бөлісті. Үздік деп танылғандар марапатталды.