Мектеп-интернат-колледж кешені кітапханасында "Оқуға құштар колледж" тұжырымдамасы аясында 22желтоқсанда "Отан тарихы әдебиеттерде" тақырыбында оқырман конференциясы өткізілді.

Мақсаты:Тәуелсіздік қасиетті ұғым екеніне көз жеткізу, болашаққа сеніммен қадам басу, жастарды отаншылдыққа, адамгершілікке, елжандылыққа, Отанына қызмет етуге тәрбиелеу және Отан тарихы туралы әдебиеттерді оқуға шақыру.
Кітапханашы Л.Бултекова колледж студенттеріне көрмедегі әдебиеттермен таныстырып,   Алаш арыстары армандап кеткен азаттық, дүр сілкіндірген тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген 1986 жылдың желтоқсаны, сонымен қатар қазақ батырларының ерліктері туралы мазмұндап берді. Колледж студенттері Отан тарихы туралы өз білгендерін ым-ишара арқылы әңгімелеп берді.