Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы "мектеп-интернат-колледж" кешені" КММ кітапханасында колледж студенттері арасында "Не? Қайда? Қашан?" интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды.
Мақсаты: жасөспірімдердің алған білімдерін саралап, жан-жақты толықтыру; сала бойынша білім деңгейлерін бақылау, білімді жастарды анықтау, білімді, тапқыр, ізденімпаз жастардың қатарын көбейту;
өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаны тәрбиелеу.
Ойынға сұрақтар салынған конверттер, интерактивті тақтадан сурет, слайдтар қолданылды. Колледж жастары ойынға белсенді түрде қатысты, түрлі тақырыптар бойынша білімдерін көрсетті. Шара соңында жеңімпаздар анықталып, Алғыс хаттармен марапатталды.
https://sch.edu.kz/kz/kitapkhana/460-ne-ajda-ashan-intellektualdy-ojyny.html#sigFreeId99d500be88