"Сыбайлас жемқорлық - қоғам дамуының кедергісі"

(құқық бұрышы)

"Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы "мектеп-интернат-колледж" кешені" КММ кітапханасында кітапханашы Л.Бултекова мен оқытушы Н.Жанболатованың ұйымдастыруымен "Сыбайлас жемқорлық - қоғам дамуының кедергісі" атты құқық бұрышы және сурет көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: " сыбайлас-жемқорлық” ұғымын түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру, өз көзқарастарын білдіріп, қоғамдық жайларға бей-жай қарамауға, болашаққа жауапкершілікпен қарауға және әділдікке тәрбиелеу. Жоғары буын оқушылары сұрақтарға жауап беру арқылы көкейіндегі өз жауаптарын жеткізіп, пікірлерін ортаға салды. Адамгершілік, әділеттілік туралы мақал-мәтелдер айтылды. Оқушылар әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап,ойлаған нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншіліктерімен тырысу керек екендігін ұғынды.