Мектеп-интернат-колледж кешенінде "Оқуға құштар колледж" тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бойынша "Бір колледж - бір кітап" акциясы өткізілді. Акция аясында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың шығармалары ұсынылды. Акцияның мақсаты:  ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерлету, рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа, әрі өнегелікке баулу. Абай шығармалары арқылы жасөспірімдердің бойындағы жауапкершілік сезімдерін ояту, адамгершілікке, азаматтыққа ішкі рухани тазалыққа тәрбиелеу. Акция аясында колледж студенттері ұлы ақынның, өлеңдерін, поэмаларын, қара.сөздерін, аудармаларын оқыды.