“Ақтөбе облыстық арнайы” мектеп- интернат- колледж” кешені “ КММ кітапханасында “Оқуға құштар мектеп” , ”Мектеп кітапханасы”, ”Балалар кітапханасы” жобаларын іске асыру мақсатында “Балалар және жастар арасында танымал заманауи авторлардың кітаптарын талқылау” тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: Кітап авторларына құрмет көрсету, кітаптарын насихаттау, кітаппен оқуға деген қызығушылықты қолдау,оқушыларды кітап оқуға баулу,көркем әдебиетке деген құштарлығын ояту.
Шара барысында оқушыларға ертегілер мен фантастика жанрдағы кітаптар ұсынылды. Оқушылар оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен бөлісіп,оқыған кітаптарын жарнамалады. Кітапханашы Бултекова Л.С оқушылардың кітап оқуына басшылық жасап, кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндірді.