“Ақтөбе облыстық арнайы” мектеп- интернат- колледж” кешені “кітапханасында “Оқуға құштар колледж” жобасын іске асыру мақсатында “Адамдар оқуды тастаған кезде ойлаудан қалады” тақырыбында кітапханалық квилт ұйымдастырылды.
Мақсаты: студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығы мен құмартушылығын арттырып,  озық дәрежеде ұтқыр өмір сүруге, қоғамдық ортада тұлға бола білуге жетелеу.
Шара барысында  колледж студенттері оқу, білім ,кітап туралы ой-пікірлерін түрлі түсті стикерлерге жазып, оқып тақтаға жапсырды. Кітапханашы Бултекова Л.С кітап оқудың пайдасы туралы көптеген мағлұматтар беріп, студенттерді кітапханаға кітап оқуға шақырды.