Мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерді қолдау мақсатында жыл сайын ұйымдастырылатын «Жұлдызай» республикалық ұлттық инклюзивті ойындарына Ақтөбе облыстық арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешенінің оқушылары белсенді қатысып келеді. Ағымдағы жылдың 3-5 қазан күндері Астана қаласында өткен додаға 10-16 жастағы мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдер қатысып, жеңіл атлетика, голбол, мини-футбол, үстел теннисі, ұлттық ойын түрлері: бес тас, асық ату және тоғызқұмалақ сияқты спорттың жеті түрінен сынға түсті.
Еліміздің барлық облыстарынан жиналған жас спортшылар арасында біздің жас спортшыларымыз да жеңімпаз ат атанып, жүлделі орындарға ие болды.
Жеңіл атлетикадан 60 метр қашықтыққа жүгіруден:
Нұрмұхамед Диас 1 орын.
100 метр қашықтыққа жүгіруден
Адайша Қазыбек 3 орын,
Зарлихан Аяна 3 орын,
Когисова Аружан 3 орын иеленді.
Құттықтаймыз!