2023 жылдың 22 желтоқсан күні Астана қаласында «Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты халыққа жолдауын қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында «Әділетті Қазақстанды Адал азаматтар құрады» атты республикалық форумын өткізді. Осы аталған форум барысында «ҚР ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК МАМАНЫ» атты республикалық байқауының салтанатты марапаттау рәсімі өткізілді. Іс-шараға елімізге белгілі тұлғалар, қоғам қайраткерлері, республика бойынша әр саланың үздіктері қатысты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында өз ісінің үздік мамандарын жастарға үлгі етуіміз керек, оларға идеал болатын тұлғаларды көрсетуіміз қажет деп атап өткендей, “Ақтөбе облыстық арнайы мектеп-интернат-колледж кешені” КММ-нің педагогтары Тулебаева Гульмира Бараковна мен Каплиева Райгул Аманжоловна «ҚР ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК МАМАНЫ» атты республикалық байқауының жеңімпаздары атанып, төсбелгімен марапатталды. Осындай жетістікке жеткен үздік педагогтарымызды шын жүректен құттықтаймыз!
https://sch.edu.kz/kz/bizdi-zhetistikterimiz/642-zdik-pedagogtar-marapattaldy.html#sigFreeId554cb20668