Ақтөбе облыстық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен Қалалық қазақ саңыраулар қоғамы Мәдениет Үйі есту мүмкіндігі шектеулі арулар арасында  "Сәукелелі ару - 2023" халықаралық байқауын өткізді. Байқаудың басты мақсаты қазақ халқының байлығы мен сән-салтанатының, мәдениеті мен өнерінің озық үлгісі, өнер туындысы, қазақ халқының ұлттық кимінде ерекше орын алатын дәстүрлі бас киім – сәукелені насихаттау болды.
Сайыс қатысушыларының сыртқы сұлулығы ғана емес, таланты, ең бастысы, өз халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тарихы мен мәдениетін, әдебиетін білуі бағаланды.     

Көркімен де, өнерімен де әділ қазылар алқасының жүрегінен жол таба білген  Ақтөбе облыстық арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешенінің 1 курс студенті БЕКМҰРАТОВА БАҚЫТЖАН «Өнерлі Ару» номинациясын жеңіп алды.     
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!