Ағымдағы жылдың 16 сәуірінде Ақтөбе қаласында "Жарқын болашақ" өнер орталығының ұйымдастыруымен өткен VII Республикалық "Жарық жұлдыз" атты балалар өнер байқауына "Көркем сөз" жанры бойынша қатысқан 1"в"класс оқушылары Төлтаев Дидар, Ханыбек Айкөркем және Орынбасаров Ибрахим 1-орынға ие болып, Алматы қаласында өтетін фестивальдің финалдық кезеңіне жолдама алған болатын. жеңімпаз оқушыларымыз 12-14 мамыр аралығында Алматы қаласына барып, өнерлерімен көрерменді тәнті етіп қайтты. 1-орынды иеленген Төлтаев Дидар мен Ханыбек Айкөркемді жеңістерімен құттықтаймыз! Талаптарыңа нұр жаусын!!!
Жетекшісі Балжанова А
https://sch.edu.kz/kz/bizdi-zhetistikterimiz/516-vii-respublikaly-zhary-zh-ldyz-balalar-baj-auyny-zhe-impazdary.html#sigFreeId1e59cbec69