Ағымдағы жылдың 24-28 сәуір аралығында "WorldSkills Aktobe-2023" кәсіби чемпионатына қатысқан 18 бен 22 жас аралығындағы 300 -ге жуық болашақ мамандар арасынан Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы "мектеп-интернат-колледж" кешенінің студенттері үздік деп танылды.

"Сән технологиялар" құзыреттілігі бойынша бақ сынаған қатысушымыз ЛЕБЕДЕВА ДАРЬЯ "Кәсіби маман" номинациясы бойынша марапатталды. (Жетекшісі Жуманбетова Самал Есенгосовна)
"Шаштараз өнері" құзіреттілігі бойынша үздік нәтиже көрсеткен ТОҚТАР АЛТАЙ 3-орын алып, дипломмен марапатталды. (Жетекшісі  Дүйсеналина Бакитгул Мырзалиевна)