Ақтөбе облысы жастар және балалар ұйымдарының қауымдастығы ЗТБ төрағасы Ж.М.Табылғанов 201-ш тобының студенттері АЛТАЙ ТОҚТАР, БАТИЕВ АЛИХАН, НҰРСҰЛТАНҰЛЫ НҰРГЕЛДІ және өндірістік оқыту шебері Г.Исмагилованы Ақтөбе облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Л.Уразбаеваның атынан Өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсене қатысып, студенттердің өзін-өзі басқару қозғалысының дамуына,жастар саясаты мәселесін жүзеге асыруға қосқан зор үлесі үшін Алғыс хатпен марапаттады.