Шакенова Гулсим Куанышевна - Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешенінде Тәуелсіздікпен бірге алға қарыштап қадам басып келе жатқан ұстаз, жоғары санатты математика пәні мұғалімі. Сабақтарында оқушылардың ойлау қабілетін арттыратын белсенді педагогикалық әдістерді тиімді пайдаланатын ұстаздың жемісті еңбегі – ізденімпаздығы мен шеберлігінің көрінісі.
Кәсіби байқаулар:
«Жаңашыл мұғалім– 2017» байқауы - Алғыс хат;
Республикалық «Золотая формула» тақырыбындағы сырттай үздік әдістемелік құрал байқауында - ІІІ дәрежелі диплом;
Облыстық «Шығармашылық шыңы» атты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары арасында өткен сырттай байқауының қатысушы сертификаты;
«Жарқын» республикалық ғылыми–ақпараттық,танымдық–тәрбиелік журналының ұйымдастыруыме нөткізілген «Менің білім саласындағы баспалдағым» атты эссе жазу байқауы - ІІ дәрежелі диплом;
«Ең үздік логопед– 2019 » кәсіби байқауында - «Ыстық жүрек–балаларға» номинациясы;
«Үздік педагог олимпиадасы 2020» - ІІ дәрежелі диплом;
Математика мұғалімдері арасында өткен облыстық пәндік олимпиада – ІІІ дәрежелі диплом иеленді.
Білім саласындағы кіршіксіз еңбегі үшін:
Ақтөбе облысының білім басқармасы басшысының;
Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының;
, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, АҚ филиалы «Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» директорының;
Ақтөбе облысының жастар мен балалар ұйымдарының қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінің ;
ҚР БҒМ, БҒ саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Б.Кузембаеваның Алғыс хатын және
«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрайымының Құрмет грамотасымен, Халықаралық Педагогика және Инновациялық Технологиялар Ғылым Академиясының «Асыл ұстаз» төсбелгісімен марапатталды.