2023 жылдың 8желтоқсанында Ақтөбе облыстық арнайы «мектеп-интернат-колледж» кешенінде халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай «Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықпен күрес» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Жауапты тәрбиеші Мамбеткулова Т.Б жоғары сынып оқушылары және колледж студенттеріне өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту, өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту; ел болашағына жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу мақсатында Республикамыздағы сыбайлас жемқорлықты реттейтін бірқатар нормативтік құқықтық актілер мен сыбайлас жемқорлықтың зардаптары туралы ақпараттар берді. Оқушылар мен студенттер пікірлесу алаңында тақырыпқа сай өз ойларын білдірді. Сабақ соңында сауалнама толтырылды.
https://sch.edu.kz/kz/61653122/619-aza-standa-y-sybajlas-zhem-orly-pen-k-res-ta-yrybynda-t-rbie-sa-aty.html#sigFreeId7aa8fcd4ab