2023 жылдың 31 наурыз күні "Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы "мектеп-интернат-колледж" кешені" КММ жоғары буын оқушылары мен колледж студенттеріне қоғамдағы қанатын кең жайып жатқан жемқорлықтың алдын алу мақсатында, А.Қ.Жетібаеваның ұйымдастыруымен "Біздің таңдауымыз - жемқорлықсыз болашақ" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Оқушыларға қазіргі таңдағы оқиғалар бейнероликтер арқылы көрсетілді. Сабақ барысында оқушыларға сұрақтар қойылып, слайд түрінде толық мағлұматтар берілді. Жүргізіліп жатқан жұмыстар барысы қамтылды.