2022 жылдың желтоқсан айында сыбайлас жемқорлықтың алдың алу, жемқорлыққа жол бермеу мақсатында мектеп қызметкерлері мен педагогтарына «Пара алу, пара беру – қылмыс» тақырыбында ақпараттандыру сағаты өткізілді. Сабақ барысында мектеп педагогтарына сыбайлас жемқорлық туралы бейнебаян көрсетіліп, парақорлықтың қоғамға әкелер зардабы мен зияны туралы мағұламаттар берілді. Сонымен қатар, парақорлықтың ұғымы 3 қылмыс құрамында түсіндіріліп, мектеп қызметкерлері ҚР Қылмыстық Кодексінің (Пара алу (311-бап), пара беру (312-бап), парақорлыққа делдал болу313) баптарымен танысты. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңды басшылыққа ала отырып, мектебімізде оқушылардың еңбегін пайдалануды болдырмау, мектеп мүддесі үшін ата-аналардан қаражат жинаудың алдын алу, мереке күндерінде бағалы сыйлықтар әзірлемеу жөнінде айтылды.
https://sch.edu.kz/kz/61653122/458-mektep-yzmetkerlerine-arnal-an-a-parattandyru-sa-aty.html#sigFreeIdb9b9445165