2022 жылдың 8 қазан күні тәлімгер Б. Маханованың ұйымдастыруымен жоғары класс және колледж оқушылары арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесу өткізілді. Аталған кездесу шарасына жасөспірімдер ісі жөніндегі инспектор, полиция лейтенанты Ермагамбетов Дауренбек Барлыкович қатысып, “Қоғамдық тәртіп негіздері” тақырыбында оқушылардың заң алдындағы жауапкершіліктерін арттыру, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің мезгілсіз уақытта жүруін болдырмау және қылмыстың алдын алу мақсатында дәріс оқылды. Сондай - ақ, қазіргі таңда қоғам дерті боп тұрған сыбайлас жемқорлықтың адам өміріне әкелер апатты зияны туралы, қылмыстық жауапкершілік туралы мәлімет берілді. Оқу орындарында, кез келген жағдайда пара беру, пара алудың жазасы туралы кеңінен түсінік берілді. Іс - шара презентация арқылы пысықталып, жоғары класс оқушылары, колледж студенттерінің сауалдарымен жалғасты.

10 А класс оқушысы Абилкайырова Асия

- Жасөспірімдердің түнде көшеге шығуы қай уақытқа дейін шектеледі?

Белгілі уақыттан асса қандай шара қолданасыздар?

101 тобының оқушысы Оспан Бекзат:

- Қылмыс жасағаны үшін жасөспірімдерге қандай жаза қолданылады?

Дәріске қатысушы оқушылар қойған сұрақтарына толық жауаптарын, өздеріне қажетті мәліметтерін алды.