2022 жылдың 15 қыркүйегінде Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы «мектеп - интернат - колледж» кешенінің жоғары класс және колледж оқушыларына «Әйтеке би: парасат биігі мен сөз құдіреті» тақырыбында тәлімгер Б.Маханованың ұйымдастыруымен адалдық сағаты өткізілді. «Адалдық сағатының» мақсаты – өскелең ұрпаққа адалдық пен парасаттылық, мейірімділік құндылықтарын сіңіру, рухани - адамгершілік және азаматтық - патриоттық тәрбиені дамыту.

Сабақта оқушыларға адамдардың өмірінде әділдік пен адалдықтың алатын орны ерекше екендігі түсіндіріліп, шыншыл, кішіпейіл болу нағыз адамдықтың белгісі екендігі әңгімеленді, «Әйтеке би: парасат биігі мен сөз құдіреті» атты бейнебаян көрсетілді. Оқушылар бейнебаян арқылы Әйтеке бидің өмір тарихымен танысты,  мемлекетіміздің дамуы мен қалыптасуына баға жетпес үлес қосқан тұлға екенін білді. Қазақ ұлтының тарихында осындай қасиетті сот жүйесінің қызметін жүзеге асырған нағыз әділ, шыншыл тұлғаларымыздың болғаны жөнінде көп мағлұматтар алды.