2022 жылдың 11 сәуір күні жоғары және орта буын бірлестігі арасында  оқушыларға   адалдық, шындық,  туралы түсінік беру және  балалардың бойына  рухани-адамгершілік  қасиеттерді  ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл,  қайырымды т.б. адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету , бірін бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу мақсатында  «Адалдық - адамдықтың белгісі» тақырыбында  дөңгелек үстел өтті.
       Қатысушы оқушылар дос, достық туралы әңгімелей отырып, ұлы адамдардың ойларын, нақыл ұлағатты сөздерін оқып, өзімшілдік, менмендік сияқты жаман әдеттерден аулақ болуы туралы өз ойларымен бөлісумен қатар , қызығушылық танытып, өзара сұрақтар қойып және сұрақтарға жауап беріп   белсене қатысып   отырды.
       Адамгершілікке байланысты проблемалық жағдаятттарды шешу үшін саяхатқа шығу ойыны ойналды, сонымен қатар «Жалғастыр»  және «Не істеу керек»  ойын-сұрақтары арқылы балалар  өз ойларын қағаз бетіне жазды.