2021 жылдың  2 ақпан күні "Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернат-колледж  кешені"  КММ-де жоғарғы класс және колледж топтарының оқушылары  арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында  "Сыбайлас жемқорлық – індет, оны жою міндет" тақырыбында тәрбие сағаты ZOOM платформасы арқылы  өткізілді.

 

Тәрбиешілер  Балжанова А, Артықова А. сабақ барысында сыбайлас жемқорлықтың адам өміріне төндірер қаупін түсіндіре келе, оқушыларға «Хабар» агенттігі дайындаған арнайы бейнероликті ұсынды. Білім, денсаулық саласында орын алған сыбайлас жемқорлықтың жастардың болашағына балта шабатынын дәлелдейтін бейнероликтен оқушылар үлкен әсер алды. Бейнеролик оқушыларға түсінікті болуы үшін  ым-ишара тіліне  түсіндірілді. Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойларын ортаға салды.

View the embedded image gallery online at:
https://sch.edu.kz/kz/61653122/271-7846535.html#sigFreeIdfe6ab4770e