“Сыбaйлaс жемқорлық” деген түсінік мағынасына этимологиялық қарау мұны “парaға сатып алу”, “пара” рeтінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай - ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” дегeн түсінік берген де, құқыққа қарсы іс - әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.
2020 жылдың 25 қараша күні Ақтөбе облыстық есту және көру қабілетінде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернат-колледж кешені КММ тарих пәнінің мұғалімі Аребаев Т.Қ. және тәрбиеші Балжанова А.М. жоғарғы класс және колледж топтарының оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында "Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. ZOOM платформасы арқылы өткізілген сабақта ыбайлас жемқорлықтың қоғам үшін ең өзекті мәселелердің бірі болып табылатын жемқорлықтың басты белгілеріне тоқталып, алдын алу шаралары түсіндірілді.
https://sch.edu.kz/kz/61653122/269-7686543.html#sigFreeIde2748fc652