Халықаралық Педагогика және Инновациялық Технологиялар Ғылым Академиясы ұйымдастырған «Жыл үздігі – 2018» марапаттау салтанатында Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернат-колледжі "Үздік коррекциялық мекеме" атанды. Сонымен қатар, есту қабілеті бұзылған балаларға білім беруде жеткен жетістіктері үшін бірнеше ұстаздар "ҮЗДІК МАМАН» атағын иеленді:
- мұғалім-дефектолог Ердикаликова Акмарал Куанышбаевна,
- қазақ тілі жəне əдебиеті пəні мұғалімі Айтқалиева Бақтыгүл Елдесбайқызы,
- дефектолог-мұғалім Есенгулова Зухра Абаевна,
- аға тəрбиеші Уканова Галия Сайлауовна
Тәжірибелі, білікті маман, әдіскер Эльвира Абдрашевна Қоблаш "ҮЗДІК ƏДІСКЕР" марапатына ие болды.