“Білімді болу - жарқын болашақ кепілі” тақырыбында 7-10 сынып және колледж студенттері арасында қыздар жиналысы өткізілді.
Мақсаты: Білім деңгейлерін арттыру, ұйымшылдыққа, татулыққа ,бірлесе жұмыс жасауға баулу. Жиналыс жарыс түрінде, яғни «Тез тап» атты логикалық сұрақтардан құралған ойындар ретінде өткізілді. Жалпы сайыс есту қабілеті бұзылған оқушылардың жазу және сөздік қорларын тексеру, оларды дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Оқушыларды жылдамдыққа, уақыт мөлшеріне сай әрекет етуге, тез ойларын жинақтай білуге, қасындағы жолдастарымен санасуға, достық қатынасты нығайтуға негізделді.
Жарыс талабына сай жеңімпаздар марапатталды.