2024 жылдың 5 желтоқсан күні бастауыш класс мұғалімі Ж.Б.Тұрмантаева көру қабілеті бұзылған балаларға арналаған 3 “в” класында қазақ тілі пәнінен “Баяндауыш” тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: оқушыларға баяндауыштың грамматикалық мағынасы мен қызметі, оның сөйлемдегі рөлі туралы түсінік беру, сондай-ақ баяндауышты дұрыс табуға және қолдануға үйрету.

Сабақ барысында оқушылар баяндауыштың анықтамасы мен түрлерін талдап, сөйлемдердегі баяндауышты анықтап, олардың түрлеріне қарай жіктеуді үйренді. Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, түрлі тапсырмаларды орындады. Мұғалім жаңа ақпаратты түсінікті түрде жеткізіп, сабақ соңында баяндауыш туралы жалпы қорытынды жасап, оның күнделікті сөйлеу тілінде қалай қолданылатынын түсіндірді.