«Арнайы білім беруде цифрлық білім беру ресурстарын қолдану» тақырыбында облыстық шебер - класс
«Инклюзивті білім беру: мүмкіндіктер мен тәжірибелер» аймақтық ғылыми - практикалық конференцияның №2 секциясы 2024 жылдың 5 желтоқсанында Ақтөбе облыстық арнайы «мектеп - интернат - колледж» кешені КММ - нде «Арнайы білім беруде цифрлық білім беру ресурстарын қолдану» тақырыбында облыстық шебер - класс шеңберінде өткізілді.
Мақсаты: педагогтердің заманауи цифрлық технологияларды меңгеру деңгейін арттырып, білім беру үдерісінде тиімді пайдалану жолдарын үйрету,
Міндеттері: арнайы білім беру мекеме педагогтарының іс - тәжірибесімен бөлісу;
Іс - шараға жалпы білім беру ұйымдарынан 25 - тен аса пән мұғалімдері, арнайы педагогтар қатысты.
Облыстық шебер - класс барысында сурдопедагогтар Г. М. Жанжигитова, Н. С. Камилова «Есту қабілетінде бұзылысы бар балалардың есту қабілетін ырғақты музыка арқылы дамыту», математика және физика пәні мұғалімдері К. М. Мұратов, Г. М. Оңайша «Сабақтың табысты болуына сандық технологияны қолдану», химия және биология пәні мұғалімі А.Ә Тубетбаева мен колледждің арнайы пән мұғалімі Б. М. Дүйсеналина «Химиялық қоспалармен креативті шаш бояу әдістері», тәрбиешілер Ж. К. Мукашева, Г. А. Мұстапина «Ғарыш әлемі» тақырыптарында шеберлік сабақтар көрсетті.
Семинар барысында педагогтар практикалық тапсырмалар орындап, топтық жұмыс арқылы дағдыларын шыңдады. Бұл шара педагогтердің цифрлық құзыреттілігін арттыруда және сандық құралдарды тиімді қолдану арқылы білім беру сапасын жақсартуда маңызды рөл атқарады.
Қорытындылау бөлімінде қатысушылармен кері байланыс жасалып, мұғалімдер өзара пікір алмасты. Шебер - кластың маңызды және өзектілігін атап өтіп, өз ризашылықтарын білдірді.
Шара соңында облыстық әдістемелік орталығының әдіскері М. А. Раисова педагогтарды алғыс хатпен марапаттады.