22.11.2024 жылдың 22 қараша күні С.Таласкалиева 1 “ә” көру қабілетінде бұзылыстары бар балалар класында бейімделген дене шынықтыру пәнінен “Тепе - теңдік жаттығулары” тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты:
-Балалардың дене шынықтыру қабілеттерін арттыру;
-Тепе - теңдікті сақтау дағдыларын дамыту;
-Қол, аяқ және дене мүшелерін үйлесімді пайдалану арқылы дене қимылдарын дұрыс орындауға үйрету.
Сабақ барысында мұғалім тепе - теңдіктің маңыздылығы мен оны сақтау қажеттілігі туралы қысқаша түсінік берді. Балаларға тепе-теңдік дене мүшелерінің үйлесімді жұмыс істегенде ғана сақталатынын айтылды.
Балалар түрлі жаттығулар орындады: бір аяқпен тұру, алға және артқа еңкейіп тепе-теңдікті сақтау, серпіліп тұрып, алға қарай қозғалу.
Сабақтың соңында балалар өз тәжірибелерімен бөлісіп, мұғалім әр баланың орындаған жаттығуларын бағалады.
Балалар тепе-теңдікті сақтаудағы дағдыларын жетілдірді. Әр түрлі жаттығулар арқылы дене мүшелерін үйлесімді пайдалануды үйренді және өздерін сенімді сезінді. Сабақ барысында балалардың қызығушылығы мен белсенділігі жоғары болды.
https://sch.edu.kz/kz/247/955-tepe-te-dik-zhatty-ulary.html#sigFreeIdab4776ec61