26 қараша 2024 жылы құқықбұзушылықтың алдын алу кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыста қарастырылған негізгі мәселелер төмендегідей болды:
Тәуекел тобына жататын оқушылар мен студенттерді анықтау.
Кеңес мүшелері тәртібі нашар, оқу үлгерімі төмен, сонымен қатар қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім оқушылар мен студенттерді анықтау бойынша қабылданатын шараларды талқылады.
Балаларды үйірмелерге, спорттық секцияларға жұмылдыру.
Балалардың уақытын тиімді пайдалану, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында балаларды түрлі үйірмелер мен спорттық секцияларға тарту мәселесі көтерілді. Бұл шаралардың баланың рухани, физикалық дамуына әсер етіп, оны теріс әрекеттерден қорғауға көмектесетіні жөнінде сөз болды.
Ата - аналар мен оқушылардың құқықтарының қорғалуы
Оқушылардың құқықтарын қорғау және ата - аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру мәселесі талқыланды. Кеңес отырысында ата - аналармен жұмыс жүргізудің маңызы, сондай - ақ мектеп пен ата - аналар арасындағы ынтымақтастықтың күшейтілуі қажеттілігі айтылды.
Отырыстың қорытындысы бойынша, осы мәселелер бойынша жүйелі шаралар қабылданып, профилактикалық жұмыстар жалғастырылатын болды.
Өткізгендер К. Айтуғанова, М. Тілеу.
https://sch.edu.kz/kz/247/953-26-arasha-2024-zhyly-y-b-zushyly-ty-aldyn-alu-ke-esini-kezekti-otyrysy-tti.html#sigFreeIdeee1d5ea96