2024 жылдың 21 қараша күні 3 “а” класында “Мамандықтар әлемінде” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Мақсаты - оқушыларға мамандықтардың маңыздылығын түсіндіру, әртүрлі мамандықтар туралы ақпарат беру және болашақта қандай мамандықты таңдау қажеттігі туралы ойлануға жетелеу.

Тәрбие сағаты барысында балаларға әртүрлі мамандықтардың атқаратын рөлі мен міндеттері, соның ішінде мұғалімдер, дәрігерлер, құрылысшылар, агрономдар, инженерлер сияқты мамандықтар туралы түсіндірілді. Сонымен қатар, балалар өздеріне ұнайтын мамандықты таңдауға ықпал ететін түрлі қызықты тапсырмалар орындады.

Тәрбие сағаты ойындар мен шығармашылық тапсырмаларды қамтып, балалардың мамандықтар әлеміне деген қызығушылығын арттырды.