13 қараша күні колледж студенттерін нашақорлықтың зиянды әсерлері, оның салдары мен алдын алу шаралары туралы ақпараттандыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында “Нашақорлық - қоғам дерті” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағаты барысында нашақорлықтың адамның денсаулығына, әлеуметтік өміріне және қоғамға тигізетін зияны туралы баяндалып, профилактикалық шаралар мен жастар арасында есірткіні қолданудың алдын алу жолдарын түсіндірілді. Сонымен қатар, студенттердің өзара пікір алмасуы мен сұрақ қоюы арқылы дискуссия ұйымдастырылды.
Шараға қатысқан студенттер нашақорлықтың салдарын терең түсініп, салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігі туралы өз ойларын білдірді.
Сабақ соңында есірткіге қарсы арнайы ақпараттық парақшалар таратылып, денсаулықты қорғау және зиянды әдеттерден аулақ болу туралы кеңестер берілді.
https://sch.edu.kz/kz/247/941-nasha-orly-o-am-derti-t-rbie-sa-aty.html#sigFreeId9975377b87